Кіріспе


ТОО «ҚазАШМЭҒЗИ»

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіріу ғылыми-зерттеу институты

Институт Қазақстанның агроөндірістік кешенін техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешуші жетекші мекеме болып табылады.

ҚазАШМЭҒЗИ құрамына Алматы қаласында орналасқан Бас институт, Қостанай филиалы (бұрынғы Тың ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты) және Ақкөл филиалы (бұрынғы Қазақ ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану және жөндеу ғылыми-зерттеу технологиялық институты) кіреді.

Бас институт пен оның филиалдары өз құрамындағы ғылыми және жобалау зертханаларына, экспериментальды өндіріс орындарына ие.

Ғылыми-зерттеу бағыттары:

  • Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығанда техникалық құралдарды тиімді пайдалануға, импорттық техникалық құралдарды республиканың топырақ-климаттық жағдайына бейімдеу бойынша атқарылған жұмыстарға бағалау жүргізу, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін жаңа техникалар алу және оларды тиімді пайдалануда ұсыныстар даярлау.

  • Ауыл шаруашылық дақылдары мен мал ұстап өсіруге арналған болашақты техникаларды сату үшін машиналардың оптималды кешендерін құру.

  • Республиканың топырақ-климаттық жағдайына бейімдетілген, шет ел компаниялары шығармаған, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» технологиялық институттарымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылық дақылдарын өндірудің айрықша технологияларына арналған машиналар жасауды негіздеу.

  • Агроөнеркәсіптік кешендерін нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету.

  • «Жасыл экономика», энерготиімділік принципімен энергия үнемдеу технологиясы мен техникалық құралдарын жасау.

  • Инженерлік-техникалық және ақпараттық-технологиялық кеңістікті қамтамасыз етуді жедел бағалау мен шешім қабылдауды қолдауға арналған жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар жасау.

  • Ауыл шаруашылық техникаларына сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Қазіргі кезде институттың аяқталған жаңа жасалымдары бойынша келесі машиналарды өндіріске енгізу ұсынылады:

ОК-3,6, ОКТ- 4,2М, ОКТ-5,4 топырақты негізгі және егу алдында өңдеуге арналған құрамдастырылған құралдары;

РСП-4,2, РСП-5,4 кебір топырақтарды қопсытқыштар;

РВП-4 қопсытқыш-тегістегіші;

КРП-4,2 (5,6) өсімдік қоректендіргіші;

СГ-3,6 сояға арналған сеялка-жал түзегіші;

КС-2,1Ж бір білікті шапқышы;

КАП-4 тіркемелі екі білікті шапқыш агрегаты;

МС-3 пішен жинауға арналған машинасы (жинаушы-тиегіш);

ПР-400В орамды пресс-жинаушы;

ДУ-11 әмбебап уатқышы;

ЛПК-1 құрама жем дайындау линиясы;

ЛВМ-0,35 витаминді-шөп ұнын даярлаушы линиясы;

ПИК-3 азықтарды жинаушы-ұсақтағышы;

ПОВЗ ОБ дәнді алдын-ала тазалауға арналған пневмосепаратор;

КИ-13896М тракторларды диагностикалаушы жиынтық;

КИ-2035 машиналардың гидрожүйелерін тексеруге арналған жиынтық құралдары;

КИ-13833 дизелдердің жанармай аппаратурасын бақылаушы құрылғысы;

ВВ-5Т, ВВУ-7,5Т жел су көтергіштері;

ВЭ-5Т, ВЭУ-8Б жел электрлік қондырғысы;

БУ-5 биогаз қондырғысы.

Жаңалықтар

Барлығын көру
  • жаңалықтар

жаңалықтар

Институт «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» технологиялық ғылыми-зерттеу институттарымен және машина жасау кәсіпорындарымен бірлесе отырып жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, малды күту мен азықтандыруға арналған жаңа технологиялар жасауда және олардың техникалық құжаттамаларын заудтарға беруде.

Институт машиналарды сынау және сертификаттау (№ KZ.И.02.0156 06 желтоқсан 2016 ж. Аккредитациялау аттаестаты) бойынша және энергоаудит, консалтингтік қызметтер көрсетуде. Бұның ішінде, ауыл шаруашылық өндірісіне инновациялық және технологиялық құралдарды енгізуге арналған инновациялық жобалар, фермерлік шаруашылықтар үшін машиналардың оптималды кешенін дайындау кіреді.

ДАМЫТУ

Бәрін көру

КОНТАКТЫ